гр. № 12 "Қыран"
Махметова Асель Габитовна
Воспитатель группы №12 "Қыран"
Сәлеметсіз бе, құрметті ата-ана!
«Қыран» мектепалды даярлық тобының парақшасына қош келдіңіз!
Мектепалды даярлық тобының мақсаты балаларды мектепке дайындау.Даярлық тобында білім беру салаларының негізгі оқу қызметтері: сауат ашу, қарпайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сөйлеуді дамыту, жаратылыстану, драма, экология негіздері, қоршаған ортамен таныстыру,қауіпсіздік мінез-құлық негіздері,құрастыру және мүсіндеу, аппликация, сурет салу. Төмендегі негізгі оқу қызметтерінің мақсаты мен міндеттерімен таныс болыңыздар:
Сауат ашу келесі міндеттерді қамтиды:
1 Фонематикалық есту мен қабылдауды дамыту;
2 Сөздің дыбыстық құрылымы мен таныстыру, алдағы сауат ашу негіздеріне үйрету үшін жəне дыбыстық талдау əрекеттерін қалыптастыру;
3 Қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
4 Дыбыстық талдау мен жинақтау іс-əрекетін қалыптастыру;
5 Тіл, сөйлем, сөз, буын, екпін, дыбыс жəне əріп туралы түсінікті қалыптастыру;
6 Балаларды талдау, салыстыру, жалпылау, ақпаратты жүйелеудің қарапайым тəсілдерімен таныстыру.
Қарапайым математиалық ұғымдарды қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері:
1 қарапайым логикалық-математикалық ұғымдарды қалыптастыру жəне зияткерлік-
2 шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3 ақиқатты танудың математикалық тəсілдерін таныстыру: санау, өлшеу, қарапайым есептеу;
4 тапсырманы стандартты емес жолмен шешуге деген тапқырлығын, зеректігін, ұғымталдығын, ұмтылысын дамыту;
5 ойлау əрекетінің тəсілдерімен таныстыру.
Сөйлеуді дамыту келесі міндеттерді қамтиды:
Нақты, мәнерлі тілдік дағдылары мен біліктерін, тілдік бірліктерді еркін және орынды қолдануды қалыптастыру болып табылады.
- балалар іс-әрекетінің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде балалардың ауызша сөйлеу тілі компоненттерін дамыту;
- тілді естуді дамыту, сөздік қорды байыту;
- тілдесу дағдыларын (диалогтік және монологтік) қалыптастыру;
- сөйлесу әдебінің нормаларына баулу;
- тілге, оның байлығы мен көркемдігіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Выпускной!
8 марта!
Новый год!
Золотая осень!
Праздничное мероприятие в честь Дня Единства Народов Казахстана
Warning: No images in specified directory. Please check the directoy!
Debug: specified directory - https://akku-7.edu.kz/images/2021news/28.04