Логопедиялық гимнастика өткізу технологиясы.
Логопедиялық түзету жұмыстарындағы гимнастиканың рөлі
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф.Ф.Рау екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина, О.В.Токарева үш, ал М.Е.Хветцев төрт кезеңге бөлді. Кезең саны әртүрлі болғанымен негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:
- Дайындық кезеңі
- Дыбысты қою кезеңі
- Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі
- Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі
Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ – 1-нің аяқталуы 2-нің басталуына ұласып кетеді. Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланың түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.