Контакт
35-94-21, 35-25-83

Советы специалиста: Психолога

Скачать шаблоны для Joomla бесплатно
Светлые Joomla шаблоны.

Папа – Мама!!!

(ата-аналарға психологтан ақылды кеңестер)

-Мені жақсы көріңіздер және ата-аналық мейірімдеріңізді (көзқараспен, күлімсіреумен, аялаумен) үнемі білдіріп отыруды ұмытпаңыздар. Менің дүниеде бар болғаным үшін жақсы көріңіздер, сонда мен одан әрі жақсы болуға тырысамын.

-Ата-аналық талап қояр кезінде маған қатаңдық көрсетуден қорықпаңыздар. Мен «ЖОҚ!» деген сөзді түсінуім керек.

-Мені басқалармен салыстырмаңыздар. Мен өзгеше болуға құқылымын, мен ешкімге ұқсамаймын.

-Мен Сіздерді өте жақсы көремін, сіздердің де мені жақсы көргендеріңізді қалаймын. Сондықтан, мен кейде асыра еркелік танытқан және сіздерге ашуланған, айғайлаған кездерімде маған қатты ренжімеңіздер. Бұл өтпелі кезең. Менің көңіл-күйім, сезімдерім дәл сіздердікіндей, мәңгілік емес. Бәлкім, мен сіздердің маған көбірек көңіл бөлгендеріңізді қалайтын шығармын.

 

-Ешқашан менің қасиетімді төмендетер жаман атпен атамаңыздар, мұндайда менің үмітім үзіліп, өзіме деген сенімім азаяды.

-Мені ұрмаңыздар және ренжітпеңіздер. Мен әлі баламын, бірақ мен өсемін және өскенде бүкіл әлемге және өмірге өкпелі, кекшіл азаматқа айналамын, осылай өзімді, болашақ балаларымды жазалаймын, сіздерді де бақытсыз етемін.

-Маған қателік жасауға рұқсат беріңіздер. «Қателік жасау – қылмыс», - деген ойға тәуелді етпеңіздер. Мен – адаммын. Адамзат қателік жасауға бейім. Тек қасиеттен жаралған ешкім жоқ.

-Уақыт тауып, мені тыңдаңыздар, көңілдеріңізді бөліңіздер. Кейде мен өзім туралы, мені толғандыратын жайлар туралы айтқым келеді.

-Мені күнәлі етпеңіздер, «Сенің кесіріңнен менің қолымнан ештеңе келер емес», - деген сөзден аулақ болыңыздар. Мен ересектердің ісіне жауапты емеспін.

-Мен сіздерден көп үлгі алатынымды және сіздерге ұқсауға тырысатынымды ұмытпаңыздар.

-Мені өздеріңізден бөлек және сіздерге ұқсамайтын жеке тұлға ретінде қабылдауға дайын болыңыздар.

-Орындауға болатын талап қойыңыздар 

 

Жақсы ата-ана болуларыңызға тілектеспін!

Карта проезда

КОНТАКТЫ

  • Адрес: проспект Абылай Хана, 8/1
  • Teл: 35-94-21, 35-25-83
  • Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.