Консультация психолога для родителей
- |
- Категория: Советы специалиста
Ата-аналарға психологиялық кеңес
- Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
- Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
- Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
- Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
- Қателескені үшін баланы жазалап, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
- Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
- Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
- Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
- Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
- Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
- Балаңызды бос жібермеңіз, қадағалаңыз. Егер, біз оларға назар аударатын уақыт тапсақ, балалар бізге өз қажеттіліктері мен қызығушылықтары туралы көп нәрсе айтып бере алады.
- Баланың мінез-құлқы үшін ұялмаңыз, әйтпесе, ол адамдардан қашқақтай бастайды.
- Құрметпен және қолдаумен тәрбиеленіп жатқан балалар үнемі бәрінен қорғашталатын балаларға қарағанда эмоционалды түрде тұрақты.
- Егер баланы әр заттың өз орны бар екеніне үйретсе, тиянақтылық пен жинақылық бойына сіңеді.
- Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
- Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс- әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
- Балам өзім секілді, немесе өзім ойлағандай болады деп күтудің қажеті жоқ. Оған өзі секілді болуға көмектесіңіз