7”Аққу”балабақшасында “Мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту тәрбиелеу үдерісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер”атты қалалық семинар өтті.
- |
- Опубликовано 26.02.2025 17:12
- |
- Просмотров: 10
7”Аққу”балабақшасында “Мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту тәрбиелеу үдерісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер”атты қалалық семинар өтті.Балабақша меңгерушісі Кенжетай Сагиндыковна серіктес балабақшалар желісінде үздік тәжірибе алмасуда педагогтер,әдіскерлер және әкімшіліктің өзара әрекеттесу деңгейін арттыру мақсаты көзделетіндігін айта кетті.
“Аққу”ортаңғы тобының тәрбиешісі Жанар Сабитовна ,музыка жетекшісі Гульбану Аркабаевна ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетті.”Заманауи әдіс-тәсілдерді түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда қолдану тақырыбында педагог-психолог Ақтолқын Габидоллаевна,логопед Ақерке Каналбекқызы,дефектолог Гүлбағира Қанатбекқызы ерекше балалармен жұмыс барысын көрсетті.
Тәжірибе алмасу бөлімінде бірнеше педагогтер шебер сыныпқа қатысты.
40”Құлпынай” балабақшасы педагог-психологы Нигара Алишеровна “Қазақша шоппер “жасау үлгісін көрсетті,
94 “Сұңқар”балабақша педагог-психологы Ақерке Мұраталықызы “Ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасауда арттерапия түрлерін пайдалану “тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен алмасты.
7”Аққу “ ‘педагог-психологы”Қолданбалы мінез-құлықты талдау немесе АВА” терапиясы туралы ,Гульмира Кенесовна,Сауле Шойынбаевна””Кластер”әдісі арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу жолдарымен таныстырып,соңында “Қыран “мектепалды тобы балалары ертегі сахналап,ойлары ұшқыр,шешен ,әсерлі етіп сөйлейтіндіктерін байқатты.
Семинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып,психолог Нургуль Канатовна “Квест картасы “көмегімен рефлексия жасады.Қалалық деңгейде өткізілген семинарға Астана қаласындағы 8”Думан”,,94”Сұңқар”,40”Құлпынай”,18”Аяжан”серіктес балалабақшалар меңгерушілері,әдіскерлері мен педагогтері қатысты.Серіктес балабақшалар желісінде үздік тәжірибе алмасу қалалық семинары жоғары деңгейді өтті.