2025 жылдың 9-сәуір күні Астана қаласы Әдістемелік орталығы
- |
- Опубликовано 09.04.2025 16:01
- |
- Просмотров: 3
2025 жылдың 9-сәуір күні Астана қаласы Әдістемелік орталығы
“Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің оқу-әдістемелік материалдары мен бағдарламалары бойынша тәжірибені тарату” республикалық семинарын ұйымдастырды.
Семинарға Түркістан облысы,Ордабас ауданы,Батыс Қазақстан облысы,Қызылорда қаласы өңірлері педагогтері,Астана Дарыны орталығы қатысты .
Әріптестер 3 өңірге бекітілген авторлық бағдарлама немесе әдістемелік бойынша тәжірибесімен таныстырды.МКҚК 7"Аққу" балабақшасынан меңгеруші Жамалиева Кенжетай Сагиндыковна, педагог-зерттеуші Мукажанова Гульмира Кенесовна
“Метеоалаңдағы зерттеу іс-әрекеті”әдістемелік нұсқаулығымен таныстырып,тәжірибе бөлісті
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға
экологиялық білім беру, танымдық және зерттеушілік әрекеті үшін ауа райы
платформасын құру, оларға ауа райының негізгі болжамын үйрету;
табиғаттың жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін қалыптастыру;
табиғат: оның құрамдас бөліктері және олардың арасындағы байланыстар
туралы білімдер жүйесін меңгеру; еңбек жаратылыстану дағдыларын
қалыптастыру, экологиялық сананы тәрбиелеу.
Музыка жетекшісі педагог-зерттеуші Тулегенова Гульбану Аркабаевна "Мектепке дейінгі балаларға домбыра аспабын үйрету" авторлық бағдарламасымен таныстырды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту және ұлттық аспапта ойнау дағдыларын қалыптастыру арқылы қазақ халқының музыкалық мұрасын дәріптеу.